Елордада алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Фото: pexels
Елордада Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері пластик терезе орнату қызметін ұсынамын деп, OLX қосымшасында жалған хабарландыру жариялау арқылы алаяқтық жасаған 34 жастағы күдіктіні ұстады.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлем ретінде 70 пайыз ақшаны алған немесе бөліп төлеуді рәсімдетіп, қаражатты иемденгеннен кейін байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Ал алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі 120 мыңнан астам теңгені құрайды. Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің 18 эпизодқа қатысы бары анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр, ал аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға және ақша аударудан бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласу қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз