Жамбыл облысындағы бірнеше жолда жаңа жылдамдық режимі енгізілді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 19 мамырдан бастап Жамбыл облысындағы Қайнар – Тараз және Тараз – Шымкент ақылы жол учаскелерінде көліктердің рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар Тараз – Шымкент бағытында орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі уақытша ажыратылды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ Жамбыл облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасынан келіп түскен нұсқамаға сәйкес, 2026 жылғы 19 мамырдан бастап халықаралық "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автодәлізінің Қайнар – Тараз және Тараз – Шымкент ақылы жол учаскелерінде қозғалыстың рұқсат етілген жылдамдығы сағатына 120 шақырым болып белгіленгенін хабарлады.

"Сонымен қатар 2026 жылғы 19 мамырдан бастап Тараз – Шымкент учаскесінде орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі уақытша ажыратылғанын назарларыңызға саламыз", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты аталған учаскеде сағатына 110 шақырым жылдамдық шектеуін асыру бойынша келіп түсетін әкімшілік айыппұлдар жергілікті уәкілетті органдардың құзыретіне жатады және "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының жауапкершілік аймағына кірмейді.


"Жол қозғалысына қатысушылардан белгіленген жылдамдық режимін сақтауды, жол белгілерінің талаптарын қатаң орындауды және жол қозғалысы ережелерін ұстануды сұраймыз"."ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстыққа байланысты көшелерге су себіліп жатыр

Тоқаев: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды