Компания жариялаған кестеге сәйкес, жөндеу жұмыстары мегаполистегі барлық аудандық электр желілерін (АЭЖ) қамтиды.
Белгілі болғандай, электр қуатын уақытша өшіру көбіне таңғы сағат 08:00–09:00 аралығында басталып, кешкі 17:00-ге дейін жалғасады.
Мамандардың айтуынша, жоспарлы жұмыстар аясында электр сымдарын бөгде заттардан тазарту, олардың бір бөлігін ауыстыру және басқа да техникалық шаралар атқарылады. Әдетте жөндеу бригадалары бұл жұмыстарды 1,5–2 сағат көлемінде аяқтайды.
Жарияланған кестеге сәйкес, жөндеу жұмыстары мына аудандар мен шағынаудандарда жүргізіледі: Шаңырақ-1, Ұлжан, Ақжар, Алғабас, Горный Гигант, Нұр Алатау, Ерменсай, Нұрлытау, Хан-Тәңірі, Көктөбе, Достық, Шабыт, Таугүл және қаланың басқа да бірқатар аумақтары.
Жарықтың уақытша өшуі жеке сектор тұрғындарына, көпқабатты тұрғын үйлерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандарына әсер етеді. Электр қуаты өшірілетін нақты мекенжайлар мен толық тізім арнайы жарияланған кестеде көрсетілген.
Бұған дейін Астанада Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көше ішінара уақытша жабылатындығын жазғанбыз.