Астанада оңтүстік өңірлерден есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды - ІІМ

Сурет: polisia.kz
Елордадағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілетін “каннабистік топтағы” есірткі заттарының тұрақты жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың 26 мамырында жүргізілген ұзақ мерзімді жедел әзірлеме нәтижесінде екі ер адам бір мезетте ұсталды.

"Олардың автокөлігі мен тұрғылықты мекенжайын тінту барысында Шу өңірінен шыққан 3 келі және 7 келі гашиш есірткі заты анықталып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 10 келіден асты",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта есірткі заттарын тасымалдауға және жеткізуге қатысы бар өзге де тұлғалар анықталуда. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін жазғанымыздай, Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан марқұм қыздың анасы сотталушыға кешірім беретінін мәлімдеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері атанған полицейлер марапатталды