Қызылордада "Рәміздер рухы - Конституцияның күші" атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Рәміздер рухы – Конституцияның күші" атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті.

Оған облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Акция "Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы" атты тақырыптық прологпен ашылды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ел тәуелсіздігінің басты нышандарының тарихи мәні мен маңызына тоқталды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысы: "Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады", – деп атап өтті. Біздің мемлекеттік нышандарымыз Қазақстанды күллі әлемге бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде дәріптеуде. Көк туымыз халықаралық ареналарда, әлемдегі алпауыт ұйымдардың төрінде Тәуелсіз Қазақстанның атын танытты. Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп ұлықтау, келер ұрпаққа аманат ету – біздің азаматтық парызымыз. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын!", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шарада хордың сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рәміздер күніне арналған акция ипподромда атты шерумен жалғасты. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Сырдария өзенінде Мемлекеттік Туды қайықпен алып жүріп, мереке мазмұнын айшықтай түсті.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінді

Синоптиктер болжамы: бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлайды

Президент: Ата Заңда ғылым, білім және мәдениет құндылық ретінде бекітілді

Қазақстанға қандай мамандар жетіспейді