Қазақстандық жұмыс орнында қолынан айырылып, компанияны протез құнын төлеуге сот арқылы міндеттеді

Фото: pixabay
Алматы облысында өндіріс орнында алған жарақат салдарынан мүгедек болып қалған азамат жұмыс берушіні сот арқылы қымбат протез алып беруге міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іле аудандық сотында қаралған іс материалдарына сәйкес, талапкер еңбек міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алып, соның салдарынан қол басы ампутацияланған. Кейін оған мүгедектік тағайындалып, еңбекке жарамсыз болып қалған.

Медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы азаматтың өмір бойы протездеуді қажет ететінін растаған. Сот жарақаттың өндірісте болғанын және талапкердің қалыпты өмірге оралуы үшін жоғары технологиялық протез қажет екенін ескерді.


"Заңнама талаптарын ескере отырып, сот ЖШС-ны Ж.Е. үшін "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ-мен "Манифесто" микропроцессорлық басқаруы бар көпқармалы қол протезін дайындау және сатып алу туралы 28 606 425 (жиырма сегіз миллион алты жүз алты мың төрт жүз жиырма бес) теңге сомасына шарт жасауға міндеттеді", — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шарт сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде жасалуға тиіс. Сонымен қатар компания протездің нақты сатып алу кезіндегі құнын толық төлеуге, сондай-ақ протездеу кезеңінде медициналық стационарда тұру шығындарды өтеуге тиіс.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео