Astana Half Marathon қатысушылары "Таза Қазақстан" акциясын қолдап, плоггинг өткізді

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Astana Half Marathon жарысы барысында қатысушылар "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдау мақсатында плоггинг өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Плоггинг – жүгіру мен қоқыс жинауды ұштастыратын экологиялық акция. Қатысушылар жарыс кезінде марафон бағыты бойындағы пластик бөтелкелер мен өзге де қоқыстарды жинады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сурет: Zakon.kz

"Мұндай акциялар қаланың тазалығын сақтауға ғана емес, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді. Марафон барысында көптеген қатысушы мен қала тұрғындары бастаманы белсенді қолдап, акцияға қосылуға тырысты", – деді қатысушылардың бірі.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сонымен қатар Astana Half Marathon аясында қоқыстарды бөлек жинауға арналған арнайы пунктер, пластикті қайта өңдеу аймақтары және "Таза Қазақстан" акциясы мен "Заң мен тәртіп" қағидаты аясындағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті