"Бірнеше адам бойжеткенді күштеп ұстап тұрған": Астана полициясы оқиғаға қатысты мән-жайды айтты

Сурет: pexels
Астана қаласында бірнеше адамның бойжеткенді күштеп ұстап тұрған сәті видеоға түсіп қалған. Оқиғаға елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 7 маусымда Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланған видеоны куәгерлер Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығының автотұрағында түсіріп алған.

"Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам қызды ұстап тұрып, оны көлікке отырғызуға тырысқан. Оқиға орнына сауда орталығының күзет қызметі мен полиция шақырылған. Оқиғаға қатысушылардың айтуынша, бойжеткен олардың туысы болған және олар оны бірнеше күн бойы іздеген", – делінген barys__media парақшасындағы жазбада.

Қала полициясы бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізілгенін хабарлады.

"Қаладағы сауда орталықтарының бірінің маңында болған оқиға бойынша тексеру жүргізілді. Оқиғаға қатысқан барлық адамдардың жеке басы анықталды. Белгілі болғандай, туыстары арнайы есепте тұрған жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрекет еткен. Оқиға орнында жағдай реттелді, зардап шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақтөбеде жоқ жер телімдерін сатқан ер адам ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады