Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 2026 жылғы 10 маусымда электрондық еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындары жайлы қызықты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 2026 жылдың басынан бері Enbek.kz платформасында 495,7 мың бос жұмыс орны мен 609,3 мың түйіндеме орналастырылған.

Оның ішінде 2026 жылғы мамыр айында жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасына 86,7 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 91,6 мың түйіндеме орналастырған.

Салалық бөліністе кадрларға сұраныс ең алдымен білім беру саласында байқалады (14 мың бос жұмыс орны).

Сондай-ақ, жоғары сұраныс сақталуда:

Өңірлік бөліністе ең көп бос жұмыс орындары Астана қаласында (8,3 мың), Павлодар облысында (5,5 мың), Алматы қаласында (5,2 мың), Түркістан облысында (5,1 мың) және Атырау облысында (5 мың) жарияланған.

Біліктілік деңгейі бойынша жұмыс берушілердің сұранысында орта біліктілік деңгейіндегі мамандар басым. Олар барлық бос жұмыс орындарының шамамен 43%-ін құрайды. Төмен біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының үлесі – 31%, ал жоғары білікті мамандарға сұраныс 26%-ті құрады.

Еңбек нарығындағы ұсынысқа келсек, мамырда 91,6 мың түйіндеме орналастырылды.

Жұмыс іздеушілердің басым бөлігін 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі, олар барлық түйіндеменің 41%-ін құрайды.

35-44 жас аралығындағы үміткерлердің үлесі – 28%, 45-54 жас аралығындағылар – 20%, ал 55 жастан асқандар – 11%. Гендерлік құрам бойынша жұмыс іздеушілердің 52%-і әйелдер болса, 48%-і ер адамдар.

"Біліктілік деңгейі тұрғысынан еңбек ұсынысының құрылымы жұмыс берушілер сұранысымен жалпы алғанда сәйкес келеді. Түйіндемелердің 40%-і орта біліктілік деңгейіндегі мамандарға тиесілі болса, 31%-ін жоғары білікті мамандар, ал 29%-ін төмен біліктілікті жұмыс іздеушілер құрайды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, мамырда ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарының қатарында тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс бастығының орынбасары (шамамен 1,45 млн теңге), ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі инженер (шамамен 1,23 млн теңге) және бас дәнекерлеуші (шамамен 1,24 млн теңге) бар.

Өз кезегінде, жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер қатарында кеме капитаны лауазымына үміткерлер (шамамен 8,7 млн теңге), басшының орынбасары (шамамен 3,7 млн теңге) және ұшқыштар (шамамен 2,8 млн теңге) тіркелді.

Бұған дейін қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады