Өтініш жазудың қажеті жоқ: Қазақстанда рақымшылық бойынша айыппұлдар қалай есептен шығарылады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 11 маусымда Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов әкімшілік рақымшылық аясында айыппұлдарды есептен шығару үшін азаматтар мемлекеттік органдарға жүгінуі керек пе және бұл жүйе қалай іске асатыны туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, барлық әкімшілік құқық бұзушылықтар Бірыңғай әкімшілік құқық бұзушылықтар тізілімінде сақталады. Бұл – 5 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған цифрлық база.

"Заң қабылданғаннан кейін (Сенат оны бүгін мақұлдады), рақымшылық қолданылатын баптар тізімі дайын болады. Кейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті электронды түрде айыппұлдарды есептен шығару туралы қаулы қалыптастырады. Одан кейін Ішкі істер органдары мен басқа да уәкілетті органдардың (барлығы 15 орган) лауазымды тұлғалары оны бекітеді. Содан соң бұл қаулыны орындау үшін сот орындаушыларына жіберіліп, айыппұл автоматты түрде есептен шығарылады", – деді Әділов.

Оның айтуынша, азаматтарға ешқайда барып, өтініш жазудың қажеті жоқ – бәрі автоматты түрде жасалады.

"Қазір айыппұлдар да автоматты түрде салынады, азаматтарға SMS хабарлама келеді. Сол сияқты айыппұлдың есептен шығарылғаны туралы да SMS келеді. Бұл жұмыс заңға қол қойылып, күшіне енгеннен кейін 6 ай ішінде жүзеге асырылады", – деді ол.

Сондай-ақ ол рақымшылық бойынша айыппұлдың есептен шығарылғаны туралы SMS хабарламалар да қазіргі айыппұл салынған кездегідей eGov арқылы келетінін атап өтті.

Бұған дейін жемқорларға рақымшылық қолданылмайтындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды