Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Фото: unsplash
2026 жылғы 12 маусым, жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі. Сонымен қатар, екпінді жел, шаңды дауыл, тұман және +36 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамда айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, бес өңірде қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр:

"Батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, ал солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сондай-ақ бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Жоғары өрт қаупі Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарының батысында, Алматы облысының батысы мен шығысында, Қызылорда облысының орталық бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында күтіледі.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда облысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Түркістан облысында, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Павлодар облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталық бөлігінде сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті