Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін

Фото: Zakon.kz
Алматы хайуанаттар бағында келушілердің бірі арыстанға тас лақтырған, деп хабарлайды Zakon.kz зообақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кезінде келуші жануардың назарын аудармақ болып, оған тас лақтырған. Зообақ әкімшілігі мұндай әрекеттердің келушілер үшін белгіленген ережелерге қайшы келетінін еске салды.

"Жануарларға қандай да бір зат лақтыруға, қоршауларды қағуға, оларды әдейі мазалауға немесе үркітуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер жануарларға күйзеліс тудырып, денсаулығына кесірін тигізуі мүмкін", – делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін хайуанаттар бағының әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды жинап, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдаған. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр.

Зообақ өкілдері келушілерді жануарларға құрметпен қарап, белгіленген тәртіп ережелерін сақтауға үндеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанның жабайы табиғатындағы ең көрікті жануарлардың бірі камераға түсіп қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді