Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 12 маусымда Астанада AMANAT партиясының кезекті XXVI съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттар қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Съезд барысында қатысушылар есепті кезеңдегі Саяси кеңес пен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жұмысының қорытындыларын қарап, партия қызметінің алдағы бағыттарын талқылауда.

Жиында партия мүшелері, депутаттар және өңірлік ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі, партияның Әйелдер қанатының тең төрағасы Үнзила Шапақ мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған саяси реформалар елді ауқымды жаңғыртудың негізіне айналғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл реформалар жаңа Конституцияның қабылдануына жол ашып, әділетті мемлекет қағидаттарын бекітіп, азаматтардың саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтті.

Ал Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко жаңа Конституция елдің одан әрі дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырғанын атап өтті. Сонымен қатар, реформалардың табысты болуы олардың жергілікті жерлерде жүйелі түрде жүзеге асырылуына байланысты екенін айтты. Ол мемлекеттік институттардың, саяси партиялардың және азаматтық қоғамның күш-жігерін ортақ ұлттық міндеттер төңірегінде біріктірудің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Мәжілістегі партия фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанын айтты. Оның пікірінше, бүгінгі таңда жастар қоғамдық бастамаларға ғана емес, заң шығару процесіне де белсенді қатысып отыр. Ол жастарды саяси жаңғыру мен Қазақстанның одан әрі дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі деп атады.

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы медициналық орталығының директоры, бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлмира Сағидуллина партияның әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру, отбасыларды, жастарды, ардагерлерді және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау бағытындағы жұмысы туралы баяндады.

Съезд қатысушылары елдегі реформаларды жалғастырудың, қоғамдық келісімді нығайтудың және мемлекет пен азаматтардың мүддесі үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ аманаттықтар AMANAT партиясының "Әділет" партиясына қосылуы туралы мәлімдеме жасады. Олардың пікірінше, бұл қадам жинақталған тәжірибені, кадрлық және қоғамдық әлеуетті күшейтіп, елді дамытудың стратегиялық міндеттерін тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады