"Қазгидромет" Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК 15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, Алматы мен Ақтөбе қалаларының тұрғындарына ескерту жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматы қаласында, ал түнгі уақытта Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз болуы, тұман, ауа инверсиясы сияқты қысқа мерзімді факторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін құбылыс.

Мамандар мұндай күндері тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автокөлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде серуендеуді шектеуге кеңес береді.

Сондай-ақ өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққан кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады.

Бұған дейін синоптиктер 15 маусымда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
Ақтөбе
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024. Толық мәтін

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады