Қазақстанның бірқатар трассаларында орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет 2026 жылғы 16 маусымда Үкіметтегі брифингте алдағы уақытта қай жол учаскелерінде орташа жылдамдықты бақылау енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер жаңа жүйе қай трассаларда қолданылуы мүмкін екенін сұраған.

"Қазір ең алдымен орташа жылдамдықты бақылау ақылы автожол учаскелерінде енгізіледі. Бүгінде мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайды. Негізгі бағыттар – Қарағандыдан Алматыға дейін, Өскемен – Талдықорған және Хоргос – Алматы учаскелері", – деді Мақсат Баяхмет.

Оның айтуынша, орташа жылдамдықты бақылау енгізілген учаскелерде биылғы бірінші тоқсанда жол-көлік оқиғалары 15 пайызға азайған.

Сонымен қатар спикер биыл автомобиль жолдарын жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары туралы да айтты.

"Негізгі жұмыстар Ұлытау облысындағы Жезқазған – Қызылорда учаскесінде шоғырландырылады. Сондай-ақ барлық өңірлерде жолдардың жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір әр өңірде және әр трассада жөндеу жүріп жатқан бөліктер бар. Ал пайдалануға беру және қозғалысты ашу бойынша негізгі жоба – Жезқазғаннан Ұлытау арқылы Қызылордаға дейінгі бағыт", – деді ол.

Бұған дейін ҚТЖ басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Ануар Ахметжанов пойыз билеттерінің бағасына қатысты шағымдарға түсініктеме берген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды