Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентке арналған ауа райы болжамын жаңартты

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 18–20 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді.

Алдағы күндері еліміздің үш ірі мегаполисінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі.

Астана

18 маусымда ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желі секундына 7–12 метр, екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C болады.

19 маусымда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с, екпіні 15 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

20 маусымда жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C болады.

Алматы

18 маусымда ауыспалы бұлтты ауа райы сақталып, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с, екпіні 13 м/с. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +30…+32°C.

19 маусымда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 3–8 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15–18 м/с болады. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +30…+32°C.

20 маусымда да жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Температура түнде +20…+22°C, күндіз +30…+32°C шамасында сақталады.

Шымкент

18 маусымда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 8–13 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15–20 м/с болады. Түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.

19 маусымда да күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C болады.

20 маусымда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Температура түнде +20…+22°C, күндіз +30…+32°C болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның батысында ауа температурасы +43°C-қа дейін көтерілетінін ескерткен еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

"Челси" Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жариялады

Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды