Астанада Мәңгілік ел мен Сығанақ көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Сурет: pixabay
Астанада 17-30 маусым аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығында жол жұмысына байланысты қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады", делінген хабарламада.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар трассаларында орташа жылдамдықты тіркейтін бақылау енгізілгелі жатқаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады