Бірыңғай QR-код: банктерге бір ай уақыт берілді

Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық банкі бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау жүйесін іске қосу мерзімдерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, барлық екінші деңгейлі банктерді Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосу жаңа "Банктер туралы" заңға енгізілген түзетулер аясында жүзеге асырылады.

"Бұл түзетулер 2026 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін банктер өз жүйелерін жетілдіру мен тестілеу жұмыстарын аяқтап, Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылуы тиіс", – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Осылайша, банктерге жүйелерін жаңа стандарттарға сәйкестендіру үшін бір ай уақыт берілді. Бірыңғай QR-код жүйесін іске қосу 2026 жылғы 19 шілдеге жоспарланып отыр.

Жаңа жүйенің басты мақсаты – әртүрлі банктердің клиенттеріне бір QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік беру. Бұл кәсіпкерлерге бірнеше төлем жүйесін қатар пайдаланудың қажеттілігін азайтып, сатып алушылар үшін төлем жасауды жеңілдетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесін іске қосу банктердің техникалық жүйелеріндегі айырмашылықтарға байланысты кейінге шегерілгенін айтқан болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы