Қасым-Жомарт Тоқаев: Денсаулық сақтау мәселесі жаңа Ата заңда айрықша орын алды

Фото: akorda.kz
Ақордада өткен медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата заңда денсаулық сақтау саласына ерекше мән берілгенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, еліміздің негізгі құжатында ұлт саулығы мәселесі кең ауқымда қарастырылған.

"Мемлекетіміздің мызғымас тірегі – жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді. Біз ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциядағы жаңа қағидаттар қоғамның жауапкершілігін күшейтетінін де атап өтті.

"Соған сәйкес Конституцияда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау қағидаттары айқындалды. Бұл адам өмірін сақтау тек медицина мамандарының емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екенін көрсетеді", – деді ол.

Сондай-ақ Президент елдегі денсаулық сақтау саласының дамуына тоқталып, нақты жетістіктерді атады.

"Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар", – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының мәліметінше, соңғы жылдары халықтың өмір сүру ұзақтығы артқан, ал ана мен сәби өлімі айтарлықтай төмендеген.

"Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент соңғы жеті жылда ел бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынғанын атап өтті.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды