Оның айтуынша, газ өндіру көлемінің азаюы халық үшін тарифтердің көтерілуіне тікелей әсер еткен жоқ.
"Соңғы төрт айда Теңіз кен орнындағы және басқа да кен орындарындағы техникалық ақауларға байланысты газ өндіру көлемі төмендеді. Алайда бұл жағдай тұрғындарды газбен қамтамасыз етуге әсер еткен жоқ, өйткені ұлттық оператор QazaqGaz тұтынуды транзиттік газ есебінен қамтамасыз етті. Биыл 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33 пайызға өседі деп күтілуде", – деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Вице-министрдің сөзінше, бұдан кейін газ бағасының күрт өсуі жоспарланып отырған жоқ.
"Бұл шара алдағы жылыту маусымынан тұрақты өтуге және газ инфрақұрылымын жаңғыртуға қажетті қаражатты қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр. Қазіргі уақытта басқа да күрт баға өсімі күтілмейді", – деп толықтырды ол.
Бұған дейін Сенат Қазақстанда газ тұтынудың жаңа қағидаларын енгізуге қатысты заңды мақұлдаған болатын.