Алматылықтар кәдеге жаратуға 600-ден астам сынапты шам тапсырды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалалық Recycle Бірге экологиялық акциясы аясында алматылықтар қауіпсіз кәдеге жарату үшін құрамында сынабы бар 608 шам тапсырды.

Мұндай қалдықтар қауіпті қалдық санатына жатады және арнайы өңдеуді қажет етеді, өйткені олардың құрамындағы заттар қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС мамандары айтты.

Сонымен қатар акцияға қатысушылар қайта өңдеуге арналған қайталама шикізат өткізіп, заттарды қайта пайдалануға тапсырды, кітап алмасу шараларына, экологиялық шеберлік сабағына және басқа да тақырыптық іс-шараларға қатысты.

Recycle Бірге экологиялық акциясы Алматыда 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға, қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін кеңінен насихаттауға және саналы тұтыну қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында Алмалы аудандық әкімдігінің, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының, Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, сондай-ақ Алматыны дамыту орталығы мен "Eco Almaty" ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен өтті. Ұйымдастырушысы – "Greenup.kz" қоғамдық қоры.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстандықтар үшін маңызды мобильді қосымшаларға тәулік бойы тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді