Ерлан Қарин: ішкі саясаттағы жаңа регламенттер өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатады

Сурет: akorda.kz
Республикалық ішкі саясат мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның күшіне енуі қарсаңында идеологиялық жұмыстағы өзекті міндеттер мен басымдықтарды атап өтті.

Оның айтуынша, ішкі саясат саласында, әсіресе ономастика, ескерткіш орнату, түрлі қоғамдық марапаттар мен атақтар беру бағыттарында нақты тәртіп орнату қажеттілігі бұрыннан талқыланып келген.

"Бұл мәселелер қоғамда негізді наразылық туғызды. Сондықтан біз нақты ережелерді енгізіп, олардың қатаң сақталуын талап ете бастадық. Жаңа регламенттер мен рәсімдерді күшейту өз нәтижесін беріп жатыр, біртіндеп тәртіп орнатылып келеді", – деді ол.

Сонымен қатар Ерлан Қарин бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.

Оның сөзінше, кейбір өңірлерде жеке немесе туыстық мүдделерге негізделіп көшелерді, мектептерді қайта атау әрекеттері әлі де кездеседі. Сондай-ақ ескерткіш орнату мәселесінде қысым жасау, алдын ала дайындықты аяқтап қою немесе "дайын болды" деп мәлімдеп, билікке фактімен әсер ету жағдайлары бар.

"Кей жағдайда ескерткіштердің сапасы мен көркемдік деңгейі сын көтермейді. Ал заңды себептермен бас тартылған жағдайда бастамашылар жауапкершілікті билікке аударуға тырысады. Бұл дұрыс емес", – деді мемлекеттік кеңесші.

Ол барлық мемлекеттік органдар мен азаматтар белгіленген құқықтық нормалар мен рәсімдерді қатаң сақтауы тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан
Астана
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз