Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау мерзімі жарияланды: 140 мың грант бөлінген

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі колледждерге құжат қабылдау мерзімдерін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мәліметке сәйкес:

Қазақстанда 25 маусымнан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады. 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді.

Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғайтылды.

Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі.

Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімдері:

Сондай-ақ колледждерге қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстандықтар үшін маңызды мобильді қосымшаларға тәулік бойы тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді