Қазақстанға жаңа піскен қызанақ әкелуге маусым айының соңына дейін тыйым салынды

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 22 маусымда "Қазақстан Республикасының аумағына қызанақ әкелудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 30 маусымға дейін үшінші елдерден Қазақстан аумағына жаңа піскен немесе салқындатылған қызанақты көліктің барлық түрімен әкелуге тыйым енгізілді.

Алайда бұл шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден жеткізілетін қызанақтарға қолданылмайды. Сондай-ақ қызанақты Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға және ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына Қазақстан арқылы өткізуге рұқсат етіледі.

Бұйрық 22 маусымнан бастап күшіне енді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін