Бала қауіпсіздігіне қатысты ата-аналарға маңызды ақпарат

Фото: akorda.kz
Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Бүгінде балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алу, олардың қараусыз қалуына жол бермеу мәселесі ерекше маңызға ие.

Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Заң мен тәртіп" идеологиясы және "Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі" іс-шаралар жоспары аясында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Баланы қауіпті жағдайда қалдыру – ата-ананың немесе заңды өкілдің баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін жағдайларда тиісті бақылау жасамауы.

Мұндай жағдайларға:

Ата-аналардың заң бойынша міндеттері қандай? ҚР заңнамасына сәйкес ата-аналар баланың өмірі мен денсаулығын қорғауға, тәрбиесіне жауап беруге, оның дамуына жағдай жасауға және құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті.

"Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деп түсіндірді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Б. Жалекешова.

Аталған бап бойынша: бірінші жағдайда – ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл; құқық бұзушылық қайталанған жағдайда – 15 АЕК дейін айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамақ көзделген.

Қазіргі таңда ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 16,8 мыңнан астам заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті шаралар қабылданған. Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің профилактикалық есебінде балаларды тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамайтын 5,9 мыңнан астам ата-ана профилактикалық бақылауда тұр.

Полиция тәжірибесінде қандай жағдайлар жиі кездеседі?

Сонымен қатар жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне байланысты қайғылы жағдайлар, оның ішінде терезеден құлау және су айдындарындағы оқиғалар жиілейді. Мамандардың айтуынша, баланың қауіпсіздігі ең алдымен отбасындағы дұрыс бақылаудан басталады.

"Ата-аналарға баланың қайда жүргенін бақылау, интернеттегі қауіпсіздігіне назар аудару, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, баламен ашық сөйлесу, оның достары мен ортасын жақынырақ білуді ұсынар едім. Бұл бағыттағы жұмыс тек полицияның немесе білім беру ұйымдарының ғана міндеті емес. Баланың қауіпсіздігі – ата-ана, қоғам және мемлекеттік органдардың бірлескен жауапкершілігі, – дейді өз сөзінде Ботагөз Жалекешова.

Бүгінде құқық бұзушылықтар саны төмендеу динамикасын көрсетіп отыр 2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 12,5% төмендеген. Маманның айтуынша, көрсеткіштер өңірлерге байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен профилактикалық шаралардың нәтижесінде жалпы динамика оң бағытты көрсетіп келеді.

"Көбіне бақылаусыз қалатын жас санаты – 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл кезеңде балалардың өз бетінше шешім қабылдауға ұмтылысы артып, ата-аналық бақылау әлсіреуі мүмкін. Сонымен қатар басқа өңірлерге білім алуға кеткен жастардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет, – деп атап өтті аға инспектор.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде түнгі профилактикалық рейдтер өткізеді.

Нәтижесінде:

Бұл жағдайда ескерту немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда айыппұл көлемі 7 АЕК дейін ұлғаяды. 2024 жылы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда:

Сонымен қатар буллинг үшін де әкімшілік жауапкершілік белгіленді: бірінші жағдайда – ескерту немесе 10 АЕК айыппұл; қайталанған жағдайда – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Қазіргі таңда әрбір білім беру ұйымына учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілген. Жалпы саны 8 мыңға жуық қызметкер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыс атқаруда. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп мектептерде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

ІІМ үндеу жасайды:Баланың қауіпсіздігі – отбасыдан басталады. Ата-ана мен қоғамның бірлескен әрекеті ғана әр бала үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Егер балаға қатысты құқық бұзушылық фактілері белгілі болса: 102 нөмірі бойынша полицияға немесе 111 сенім телефонына хабарлау қажет.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді