Дәрігерлер: Қазір балалардың сүйегі әлсіз

Фото: pexels
Соңғы уақытта балалар арасында сүйек сынуы жиілеп, дәрігерлер алаңдаушылық білдіріп отыр. Мамандардың айтуынша, қазір жеңіл жарақаттың өзі сыныққа әкелетін жағдайлар көбейген.

Күн сайын орта есеппен 4–5 бала ауруханаға түсіп, ота жасауға тура келетін жағдайлар тіркеледі.

Жасөспірімдерде сүйек тығыздығы төмендеген

Дәрігерлер денситометр аппараты арқылы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 17 жастағы жасөспірімдерде "предостеопороз" белгілерін анықтаған. Бұл — сүйек тығыздығының төмендеп, сынғыштықтың артуымен сипатталатын қауіпті жағдай. Мамандардың айтуынша, мұндай диагноз бұрын негізінен 40 жастан асқан адамдарда кездесетін, деп жазады qazaqstan.tv.

Ауруханаға күн сайын ондаған бала түседі

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының травматолог-ортопеді Ердәулет Байдалиевтің сөзінше, күніне 60–80 бала қаралады, олардың 10–15-інде сүйек сынуы анықталады.

"Көп жағдайда сынық ығысып кеткен болады, сондықтан операция жасап, наркозбен орнына келтіріп, гипс саламыз", – дейді маман.

Себеп — дұрыс тамақтанбау мен дәрумен тапшылығы

Мамандардың пікірінше, балалардағы сүйек әлсіздігінің негізгі себебі — дұрыс тамақтанбау, D дәрумені мен кальцийдің жетіспеушілігі. Сонымен қатар сүт өнімдерін аз тұтыну да сүйек саулығына кері әсер етеді.

Диетолог Жанна Бапсанованың айтуынша, қазіргі балалар сиыр сүтін аз ішіп, оның орнына өсімдік негізіндегі сусындарды жиі қолданады. Алайда олар ағзаға қажетті кальцийді толық қамтамасыз ете алмайды.

"Энергетикалық, газдалған және құрамында қант көп сусындар кальцийдің ағзадан шайылуына әсер етеді", – дейді диетолог.

Мамандардың кеңесі

Дәрігерлер балалардың сүйек саулығын сақтау үшін дұрыс тамақтану, кальцийге бай өнімдерді тұтыну, D дәруменін жеткілікті қабылдау және күнделікті белсенді қозғалысты арттыру қажет екенін айтады.

Мамандардың пікірінше, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану балаларды жарақаттан және сүйек әлсіздігінен қорғаудың негізгі жолы болып отыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін