Қара және Каспий теңіздері жағалауында жыландар көбейгені хабарланды

Сурет: pixabay
Мамандар мұны жағалау сызығының өзгеруімен, батпақты аумақтардың қысқаруымен және ауа температурасының көтерілуімен байланыстырады.

Соның салдарынан бауырымен жорғалаушылар су маңындағы тіршілікке көбірек бейімделе бастаған.

Демалушылардың жыландармен кездесуі Сочи, Севастополь, Дербент және Махачкала қалаларында тіркелген. Су жыландарының жағалауға жиі шығуына әсер еткен негізгі себептердің бірі – соңғы жылдары Азов және Қара теңіздерінің тұздылығының артуы.

Бұл өз кезегінде балық қоры мен қоректік ортаның өзгеруіне әкелген. Соның нәтижесінде су жыландары жағалау бойымен белсендірек қозғалып, кей жағдайларда Керчь бұғазы арқылы Қара теңіз аумағына да таралуы мүмкін.

Сондай-ақ Краснодар өлкесіндегі нөсер жауын мен су тасқыны да әсер еткен. Су тасқынынан кейін жыландар Кубань өзенінің атырауынан, лимандар мен шағын өзен сағаларынан сыртқа шығып кеткен.

Биолог Виктория Личагинаның айтуынша, ауа температурасының көтерілуі де олардың көбеюіне әсер етеді, себебі бауырымен жорғалаушылар – салқынқанды жануарлар және қоршаған орта температурасына тәуелді.

Каспий теңізі жағалауындағы жағдайға биыл көктемде Дағыстандағы ірі су тасқыны және Еділ өзені атырауындағы батпақты аумақтардың азаюы да ықпал еткен.

"Батпақты жерлер құрғап немесе су режимі өзгерсе, жыландар басқа аумақтарға қоныс аударады", – дейді маман.

Каспий жағалауында демалушылар су жыландарын және улы жыландар қатарына жататын гюрзаларды да байқаған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы жеке тұрғын үйге жылан кіріп, тұрғындарды шошытқаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды