Сәтбаевта қаржылық қауіпсіздікке арналған форум өтті

Сурет: Ұлытау облысы бойынша ЭТТД
Сәтбаев қаласында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған "АФМ Online 2026 – Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг" форумы ұйымдастырылды.

Іс-шара Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен өтіп, "Заң мен тәртіп" қағидатын насихаттауға арналды.

Форумның негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын көтеру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы иммунитетін нығайту.

Сурет: Ұлытау облысы бойынша ЭТТД

Іс-шараға прокуратура өкілдері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік басқармасы мамандары, сарапшылар, жастар және қала тұрғындары қатысты. Кездесу барысында интернет-алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері, қаржы пирамидаларының белгілері, жеке деректерді қорғау және цифрлық гигиена мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сурет: Ұлытау облысы бойынша ЭТТД

Форум аясында қатысушыларға қаржылық алаяқтықтан қорғану жолдары мен жеке қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты практикалық ұсыныстар берілді. Мамандардың айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында қаржылық қауіпсіздік мәселелері өзекті бола түсуде. Сондықтан тұрғындардың ақпараттық және қаржылық сауаттылығын арттыру құқықбұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Сурет: Ұлытау облысы бойынша ЭТТД

Ұйымдастырушылар мұндай ағартушылық іс-шаралар халықтың қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, заманауи цифрлық қатерлерге төтеп беру қабілетін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Форум Сәтбаев қаласы әкімдігі мен Ұлытау жастары қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды