Қазақстанда жүргізушілер үшін жаңа қызмет іске қосылды: енді арнайы ХҚКО-ға қайта барудың қажеті жоқ

Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтарға дайын жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) қайта барудың қажеті болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді дайын құжаттар мен мемлекеттік нөмірлерді жеткізіп беру қызметі қолжетімді. Бұл туралы 2026 жылғы 25 маусымда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, жеткізу қызметін рәсімдеу бірнеше минут қана уақыт алады. Оны дайын құжат немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі әзір болғаннан кейін пайдалануға болады.

Қызмет өтінім рәсімделген елді мекен аумағында көрсетіледі. Егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін берілсе, жеткізу сол күні жүзеге асырылады. Ал сағат 17:00-ден кейін рәсімделген өтінімдер келесі жұмыс күні жеткізіледі.

Жеткізу қызметіне қалай тапсырыс беруге болады:

Осыдан кейін қосымша арқылы жеткізу мәртебесін қадағалап, курьер туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде көре аласыз.

Жеткізу құны: Астана мен Алматы қалаларында – 15 мың теңге, Қазақстанның өзге өңірлерінде – 7 мың теңге.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа форматы іске қосылатыны туралы хабарланған болатын. Оның аясында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алып, құжаттарды цифрландырып және жолдап, сондай-ақ күрделі мәселелер бойынша мамандардың кеңесін ала алады.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін