Қазақстандықтарға жалған айыппұл туралы SMS-хабарламаларға сенбеуге кеңес берілді

Фото: gov4c.kz
Алаяқтар eGov.kz атынан қазақстандықтарға бар делінген айыппұлды немесе берешекті шұғыл төлеу туралы SMS-хабарламалар жіберіп жатыр. Бұл туралы 2026 жылғы 25 маусымда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта eGov.kz атынан жіберілетін алаяқтық хабарламалар көбейген.

"Қаскөйлер SMS-хабарламада eGov.kz ресми сайтына ұқсас жалған сайтқа апаратын сілтеме жібереді. Ол жерде пайдаланушыға шұғыл түрде бар делінген айыппұлды немесе қарызды төлеу қажеттігі туралы хабарланады. Азамат банк картасының деректерін енгізгеннен кейін ақша алаяқтардың шотына аударылады, – деп ескертті ҰАТ.

Ұлттық ақпараттық технологиялар қоғамға eGov.kz ресми порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы айыппұл төлеу үшін бөгде сілтемелерге өтуді немесе үшінші тарап ресурстарында банк картасының деректерін енгізуді талап ететін хабарламалар жібермейтінін еске салды.

Сурет: Instagram/egov.kz

Еске салайық, бұған дейін, 2026 жылғы 23 маусымда, ҰАТ Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) жеке кабинетіне кіру тәртібі күрделенгенін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті

Мектептерде смартфон қолданудың жаңа тәртібі әзірленіп жатыр