Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, лазерлік жүйелер тұман, боран, нөсер жаңбыр және басқа да қолайсыз ауа райы жағдайларында жүргізушілерге жолды дұрыс бағдарлауға көмектеседі.

Оның сөзінше, бұл технологиялар жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.

"Бүгінде лазерлік қондырғылар республикалық маңызы бар, көлік қозғалысы қарқынды және жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін автожолдардың 22 учаскесінде жұмыс істеп тұр. Ішкі істер министрлігі жол саласы ұйымдарымен бірлесіп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін бұл технологияларды басқа да автожол учаскелеріне кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырады. Өздеріңізді сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар", – деді Бағланбек Айтпаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы жолдағы әдепсіз әрекеттерге жол беретін жүргізушілерге қарсы бақылауды күшейткенін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін