Ресейдегі жағдай Қазақстандағы шаруаларды жанармайсыз қалдыра ма: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ресейде жанар-жағармай материалдары нарығында қалыптасқан ахуал Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірушілерін отынмен қамтамасыз етуге әсер етпейді. Бұл туралы 29 маусымда Сенаттағы брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер вице-министрден Ресейде байқалған жанар-жағармай тапшылығы аясында қазақстандық фермерлерді дизель отынымен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданғанын сұрады.

Азат Сұлтановтың айтуынша, көрші елде ЖЖМ нарығында белгілі бір дүрбелең байқалғанымен, Қазақстанда мұндай тәуекелдің алдын алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жыл сайын кепілдендірілген көлемде дизель отыны бөлінеді.

"Иә, бүгінде көрші елдің жанар-жағармай нарығында белгілі бір дүрбелең бар екенін көріп отырмыз. Дегенмен мұндай жағдайдың алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жыл сайын кепілдендірілген көлемде дизель отыны бөлінеді. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель жеткізілді. Жалпы, егіс жұмыстарына жыл сайын шамамен 400 мың тонна көлемінде отын бөлінеді. Бұл – қалыптасқан көлем", – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, көктемгі егіс кезінде пайдаланылмай қалған дизель отынын фермерлер кейін егістікті күтіп-баптау, химиялық өңдеу және сүрі жерлерді өңдеу жұмыстарына пайдалана алады.

"Жалпы, фермерлер мен өңірлердің сұранысына сәйкес бөлінетін жанар-жағармай көлемі шамамен 800 мың тоннаны құрайды. Бұл көрсеткішке астық пен майлы дақылдарды кептіруге қажетті отын кірмейді. Жанар-жағармай өңірлерге белгіленген кестеге сай толық көлемде жеткізіліп келеді. Әр облыс белгілі бір мұнай өңдеу зауытына бекітілген және осы уақытқа дейін бірде-бір зауыт жеткізу міндеттемесін орындамай қалған емес. Сондықтан фермерлердің дала жұмыстары уақытында жүргізілмей қалады деген қауіпке негіз жоқ", – деді Азат Сұлтанов.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстаннан Ресейге бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі: Қарашығанақтағы өндіріс қысқарғанымен, Қазақстандағы газбен жабдықтау тұрақты

Талапкерлерді 28 млн теңгеге алдаған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды