Жүргізуші куәлігін заңсыз берген мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ұсталды

Фото: gov4c.kz
Семейде халыққа арнайы қызмет көрсету орталығының 18 қызметкері ұсталды. Күдіктілер жүргізуші куәлігін заңсыз берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, олар құжат сатып алғысы келетіндерді әдейі іздеген. Теориялық емтихан кезінде үміткерлерге арнайы камера мен өзге де техникалық құрал беріп, дұрыс жауапты белгілеп отырған. Ал тәжірибе түріндегі емтиханды ешқайсы тапсырмаған.

"24kz" дерегіне сүйенсек, күдіктілер заңсыз қызмет үшін 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алған. Іс бойынша негізгі күдікті қамауға алынды. Қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Барлығына "пара алу" бабы бойынша айып тағылды.

"Бүгінгі күні жүргізуші куәлігін заңсыз алған 30 адамнан жауап алынды. Заңсыз берілген жүргізуші куәліктерінің күшін жою мәселесі заңда белгіленген тәртіппен шешілетін болады. Қылмыстық іс бойынша сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін облыс прокуратурасы қадағалау тәртібімен аталған жүргізуші куәліктерінің күшін жою туралы талап-арыз енгізеді". Ізбасар Масақбаев, облыс прокурорының бірінші орынбасары:

Бұған дейін Абай облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін