Алдағы екі жылда елімізде 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ – Тоқаев

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елімізде индустриялық даму қарқын алып жатқанын айтып, алдағы жылдары жаңа өндірістердің іске қосылатынын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда көлік, тұрмыстық техника, жүк вагондары, құрылыс материалдары және өзге де сапалы өнімдер шығаратын заманауи кәсіпорындар ашылып жатыр.

"Тек 2023–2025 жылдардың ішінде 540 индустриялық жоба жүзеге асырылды. Олардың жалпы құны 3,7 триллион теңге болды", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, алдағы екі жылда тағы 200-ден астам өндіріс орны пайдалануға беріледі. Бұл жобаларға шамамен 3 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.

"Бұл – қазынаға түсетін салық көлемі артады, өндіріске озық технологиялар енгізіледі және ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз", – деді Президент.

Мемлекет басшысы іске асырылған жобалардың нәтижесінде қазірдің өзінде 50 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылғанын айтты. Қалған жобалар жүзеге асқаннан кейін тағы 20 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Президент сондай-ақ мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

"Жалпы, Қазақстандағы жұмысқа жарамды азаматтардың жартысына жуығы табысын шағын және орта бизнестен тауып отыр. Соңғы бес жылда осы секторда еңбек ететін адам саны 4,5 миллионға жетті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің мәліметінше, бүгінде жалпы ішкі өнімнің 40 пайыздан астамын шағын және орта бизнес қалыптастырып отыр. Оның айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар өткен жылы "Бәйтерек" холдингі арқылы кәсіпкерлерге 8 триллион теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды

Дастан Сәтбаев "Челси" клубынан "Бернлиге" жалға берілуі мүмкін

"Аптап ыстық, дауыл, найзағай": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды