Президент Цифрлық Қазақстанды құрудың негізгі алғышартын атады

Фото: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан алдында толыққанды цифрлық мемлекет қалыптастыру міндеті тұрғанын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, қазіргі депутаттық құрам елде цифрлық дәуірдің құқықтық негізін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Оның сөзінше, әлемде жасанды интеллектіні заңнамалық тұрғыдан реттеудің дайын үлгісі болмағанына қарамастан, Қазақстан бұл бағытта маңызды қадам жасады.

"Сіздерді тыңнан түрен салып, цифрлық дәуірге жол ашқан депутаттар деуге болады. Біздің елімізде болсын, әлемде болсын – жалпы еш жерде жасанды интеллектіні заң тұрғысынан реттейтін дайын үлгі немесе тәсіл болған жоқ. Соған қарамастан, сіздер еліміздің осы саладағы өсіп-өркендеуіне берік негіз болатын тиімді құқықтық жүйені құруға елеулі үлес қостыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде мұны жоғары бағалаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа Конституция азаматтардың киберкеңістіктегі дербес деректерін қорғауға кепілдік беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан жаңа Цифрлық кодекс пен "Жасанды интеллект туралы" заңды қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі екенін айтты.

Президенттің сөзінше, қабылданған заңдар толыққанды цифрлық мемлекеттің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.


"Бүгінде еліміз "Үкіметтің жасанды интеллектіге дайындық индексіне" сәйкес Орталық Азияда алдыңғы қатарда тұр. Бірақ, бұл – үлкен жолдың басы ғана", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары маусым айының басында бекітілген Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясында айқындалғанын жеткізді.

Президенттің айтуынша, жасанды интеллектіні экономиканың барлық негізгі саласына енгізіп, мемлекеттік басқару сапасын түбегейлі жақсарту көзделіп отыр. Осы бағытта банк саласына қатысты жаңа заңдар қабылданып, цифрлық қаржы активтерінің айналымы заң жүзінде реттелген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасымен құқықтық жүйені жаңғыртуға арналған Реттеу жөніндегі интеллект орталығы құрылғанын айтты. Оның пікірінше, бұл орталық кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге және "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін e-Government Business экожүйесін дамыту арқылы бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі: 30 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды

Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің бес қызы көз жұмды