Домбыраны ұлықтау арқылы біз төл өнерімізді төрге оздырамыз – Мемлекет басшысы

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық құндылықтарды сақтау мен руханиятты дамыту мәселесіне тоқталып, домбыраның қазақ халқының болмысын айшықтайтын ерекше мұра екенін айтты.

Президенттің сөзінше, жаңашыл әрі жасампаз мемлекет болу үшін ең алдымен ұлттық құндылықтарға, бай тарих пен мәдени мұраға сүйену қажет.

"Қашанда жаңашылдыққа ұмтылатын жасампаз ел болу үшін біз ең алдымен мызғымас құндылықтарымызға, бай тарихымыз бен мәдени мұрамызға арқа сүйеуіміз қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше күннен кейін Қазақстанда Ұлттық домбыра күні аталып өтетінін еске салып, бұл мерекенің жас ұрпақтың рухын көтерудегі маңызына тоқталды.

Президент көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ – домбыра" деген қанатты сөзін келтіріп, ұлттық аспаптың мән-маңызын ерекше атап өтті.

"Домбыраны ұлықтау арқылы біз төл өнерімізді төрге оздырамыз. Домбыра қастерлі құндылығымыз ретінде ұлтымызды әлемге танытатын бірегей брендке айналуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекет руханият саласын дамытуға әрдайым ерекше көңіл бөліп келе жатқанын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарға депутаттар корпусының да елеулі үлес қосқанын атап өтті.


"Әрине, сіздер атқарған ауқымды жұмыстың мән-маңызын бір ғана жиынның аясында жеткізу мүмкін емес", – деді Президент.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтарға несие алаяқтығынан қорғану үшін маңызды қызметті дереу іске қосуды ұсынды