Олжас Бектенов инфляцияны төмендету жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырды

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылғы 1 шілдеде өткен Үкімет отырысында инфляция деңгейін төмендету бойынша жұмысты қатаң бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысы тұрақты экономикалық өсудің маңызды шарттарының бірі – биыл инфляция деңгейін 10 пайыздан төмен ұстап тұру екенін еске салды.

"Бұл мақсатқа жетуге қажетті құралдар бар. Барлық шаралар Ұлттық банкпен үйлестіріліп жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы мен инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралардың сапалы орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, отандық өндірісті қолдауды, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз етуді, сақтау және логистикалық инфрақұрылымды дамытуды, баға белгілеуді реттеуді, сондай-ақ "Инвестицияларға тапсырыс" құралын толыққанды іске асыруды жалғастыру қажет.

"Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, теңгерімді тарифтік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі қажет", – деп қосты Премьер-министр.

Еске салайық, бұған дейін Олжас Бектенов 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енуіне қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Астана
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған

Алматыда Lexus көлігінің үстіне ағаш құлады