Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты

Сурет: Түркістан облысы полиция департаменті
Түркістанда қызметтік міндетін атқару барысында патрульдік полиция қызметкері жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2 шілде күні Түркістан полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қызмет барысында қайғылы жол апатына ұшыраған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, патрульдік полиция экипажы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, өзге қатысушылардың өміріне қауіп төндірген жеңіл автокөлікті тоқтату үшін қызметтік тапсырманы орындап жүрген.

Апат Сәттарханов даңғылы мен Тараз көшесінің қиылысында болған. Полицияның қызметтік Chevrolet Cobalt автокөлігі жол-көлік оқиғасына ұшырап, салдарынан полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде полиция көлігін соққан жүргізуші сағатына 180 шақырым жылдамдықпен жүргені және құқық қорғау органдары оның жолын кесу үшін тиісті шара қолданбағаны туралы ақпарат тарады. Алайда Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Түркістан облысы полиция департаменті марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасатынын жеткізді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қызметтік антына адал болып, өз борышын соңына дейін абыроймен атқарған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапты