БҚО-да досын абайсызда атып өлтірген тұрғынға үкім шықты

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында аңшылық кезінде ер адамның қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға екі таныс аң аулауға шыққан далада болған. Аңшылықтан кейін олар тынығу үшін аялдаған. Сол кезде олардың бірі мылтығына жабысқан қарды тазаламақ болып, абайсызда шүріппені басып жіберген.

Соның салдарынан мылтық атылып кетіп, оқ оның жанында тұрған серігіне тиген. Оқ ер адамның іш тұсына тиіп, алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу барысында атқан адамның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің абайсызда адам өліміне әкеп соғу туралы бабымен сараланды. Сотта қайғылы оқиғаға атыс қаруымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуы себеп болғаны анықталды.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының кінәсін толық мойындауын, шын жүректен өкінуін, кәмелетке толмаған балаларының болуын, сондай-ақ марқұмның өкілінің қатаң жаза талап етпегенін жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен ер адам 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ жаза мерзімі бойы оған пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды