Ауылға жұмысқа барған мамандарға әлеуметтік қолдау қалай көрсетіледі

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық экономика министрлігінің 2026 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қағидаға сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларын алушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит түрінде көрсетіледі. Бұл қолдау денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп кешені салаларындағы және ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бойынша беріледі.

Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредитті:

Қағидаға енгізілген тағы бір өзгеріске сәйкес, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана беріледі.

Қолданыстағы тәртіп бойынша ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандардың тізбесін әр тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-ына дейін бекітеді.

Ал 2026 жылғы 12 шілдеден бастап бұл тізбе бір жұмыс күні ішінде сенім білдірілген агенттің цифрлық сервисі – Baspana Market тұрғын үй порталында жарияланатын болады.

Сондай-ақ аудан немесе облыстық маңызы бар қала әкімдігі әкімнің атынан қызмет алушыларға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында сенім білдірілген агентпен тапсырма шартын жасасады.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін қызмет алушы ЭЦҚ немесе бір реттік расталған пароль арқылы порталға тіркеліп, қажетті құжаттарды электронды түрде ұсынуы тиіс.

Көтерме жәрдемақы алу үшін:

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін:

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу үшін:

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін қызмет алушы жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.

Қағидада көрсетілмеген өзге құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Сондай-ақ көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредитті алу үшін бір мезгілде өтініш беруге болады.

Портал арқылы өтініш берген кезде қажетті құжаттардың электрондық көшірмелері (цифрлық жүйелерден автоматты түрде алынатын құжаттарды қоспағанда) қоса тіркеледі. Олар қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) немесе бір реттік расталған парольмен куәландырылады.

Әлеуметтік қолдау шаралары мына талаптарға сай келетін азаматтарға беріледі:

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылданғаннан кейін қызмет көрсетуші портал арқылы қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

Тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредитті рәсімдеу үшін:

Тұрғын үй салуға арналған бюджеттік кредитті рәсімдеу үшін:

Көтерме жәрдемақы алу үшін:

Аталған бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Мемлекеттік туды қайда ілуге болады: Үкімет жаңа ережелерді бекітті

Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлекселері табылды

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы