Ол газ бағасы жуырда ғана өзгергенін еске салды.
"1 шілдеден бастап тауарлық газдың көтерме бағасы орта есеппен 33 пайызға өсті. Біз үшін ең бастысы – елдің газ инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз ету. Оны тұрақты түрде қолдап отыру қажет. Сонымен қатар QazaqGaz халыққа арналған тарифтерді субсидиялап отыр. Сондықтан жылыту маусымына уақытылы дайындалу үшін бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу қажет", – деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта газ бағасын қайта көтеру жоспарланып отырған жоқ.
"Бүгінде 2026 жылдың соңына дейін газ бағасына қатысты жаңа өзгерістер күтілмейді. Бағаны одан әрі көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ және бұл жөнінде ешқандай шешім қабылданбаған. 1 шілдеден бастап жаңа бағалар күшіне енді, әзірге басқа өзгерістер жоспарланып отырған жоқ", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылатыны хабарланған болатын.