Қазақстанның үш облысында бензин тұтыну күрт өсті

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев 2026 жылғы 7 шілдеде Үкіметте өткен брифингте елдің үш облысында бензин тұтыну көлемі айтарлықтай артқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұтынудың күрт өсуі Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында тіркелген.

"Бензин тұтыну көлемі Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында күрт өсті. Бұл – шекаралас өңірлер", – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Вице-министрдің сөзінше, министрлік қалыптасқан жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазіргі таңда басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, жанар-жағармайды ел аумағынан заңсыз шығарудың алдын алу шаралары күшейтілген.

"Бұл жағдайды тұрақты бақылап отырмыз. Басқа мемлекеттік органдармен бірге жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетуге қарсы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Кейбір азаматтар көліктеріне қосымша жанармай бактарын орнатып, отынды заңсыз тасымалдауға әрекет етеді. Осындай заңбұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда және бұл мәселе тұрақты бақылауда", – деді ол.

Бұған дейін Қайырхан Тұтқышбаев Ресей мен Қырғызстандағы бензин тапшылығына байланысты Қазақстаннан жанармай экспорттау мәселесіне қатысты да түсініктеме берген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Мемлекеттік туды қайда ілуге болады: Үкімет жаңа ережелерді бекітті

Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлекселері табылды

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы