ҚР ТЖМ мәліметінше, жануар туралы алғашқы хабарлама 8 шілде күні таңертең келіп түскен. Күні бойы құтқарушылар оқиға орнына екі рет шыққан. Тексеру барысында марғаудың көпірдің қаптама плиталарының арасындағы кеңістікте еркін қозғалып жүргені және оның өміріне қауіп жоқ екені анықталды. Оның сыртқа шығуына мүмкіндік жасау үшін құтқарушылар қаптама плиталарының бірнешеуін ішінара шешіп тастады.
Кешкі уақытта тұрғындардан қайтадан хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары жеке меншік көтергіш техниканы пайдаланып, марғауды түсіру жұмысына кірісті.
Құтқарушылар мен тұрғындардың бірлескен әрекетінің арқасында марғау плиталардың арасынан ұсталып, аман-есен төменге түсірілді. Кейін ол әйел адамның қарауына берілді.
Бұған дейін Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.