Қазақстанның қай өңірлерінде ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі

Сурет: unsplash
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы қауіпті деңгейге дейін көтеріледі. "Қазгидромет" РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың мәліметінше, аптап ыстықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалады. Мұнда 2026 жылғы 11-17 шілде аралығында ауа температурасы +43-46°C-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Қызылорда және Түркістан облыстарының тұрғындарына да қиын болады. Бұл өңірлерде кей күндері ауа температурасы +45-46°C-қа дейін жетуі мүмкін. Ал Жамбыл облысында +44°C-қа дейін ыстық болады деп күтіледі.

Сондай-ақ Алматы облысы (оның ішінде Қонаев қаласы) мен Жетісу облысында да аптап ыстық орнайды. 11-17 шілде аралығындағы ең ыстық күндері ауа температурасы +40-42°C көрсетеді.

Ақтөбе және Атырау облыстарында да ауа температурасы +40°C шамасында болады.

Сонымен қатар Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында, Қазақстанның батыс өңірлерінде және Ұлытау облысында ауа температурасы +40-41°C-қа дейін көтеріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған