Қазақстанда әуе тасымалы қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта әуе тасымалдарын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар айқындалған. Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау шартын жасасу, әуе билеттерін рәсімдеу және брондау тәртібі нақтыланады.

Сондай-ақ жоба аясында жолаушылар мен әуе компанияларының құқықтары мен міндеттері, оның ішінде билеттерді қайтару талаптары реттеледі.

Бұдан бөлек, құжатта жолаушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға, кәмелетке толмағандарға және жүкті әйелдерге қызмет көрсету, сондай-ақ рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда көрсетілетін қызметтердің тәртібі нақты жазылған.

Сонымен қатар ұлттық музыкалық аспаптарды және үй жануарларын әуе кемесінің салонында тасымалдауға қатысты жаңа нормалар енгізу ұсынылып отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі мақсаты – әуе тасымалы саласында жолаушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру.

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 27 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз