18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Фото: pexels
Тұтынушылық несие – бұл азаматтарға жеке қажеттіліктері үшін тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сатып алуға берілетін несие. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – қарыз алушының төлем қабілеті жеңілдетілген тәртіппен тексерілетіндіктен, несиенің салыстырмалы түрде жылдам рәсімделуі.

Алайда 2026 жылғы 18 шілдеден бастап бұл тексеру тәртібі қатаңдайды. Өзгерістер қандай болатынын Zakon.kz түсіндірді.

Тұтынушылық несиелеу қағидаларының өзгеруі (мысалы, тауарларды немесе туристік қызметтерді бөліп төлеуге рәсімдеу кезінде) несиені беру жылдамдығына да, оны алу мүмкіндігіне де әсер етуі мүмкін. Өйткені енді өтініш берушіні тексеру бірнеше кезең бойынша жүргізіліп, бұрынғыдан да мұқият болады.

Заңнамаға сәйкес:

"Тұтынушылық банктік қарыз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мақсаттарға, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілетін, ипотекалық қарызды қоспағанда, жеке тұлғаның банктік қарызы". ("Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 1-бабының 34) тармақшасы)

Мемлекет азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында тұтынушылық несиелерді беру тәртібін кәсіпкерлік мақсаттағы несиелермен салыстырғанда жеңілдетілген талаптар бойынша реттеген. Бұл талаптар аталған заңның 58-бабында ("Жеке тұлғаға банктік қарыз берудің ерекшеліктері") белгіленген.

Бұған дейін Zakon.kz осы нормаларға қатысты материал жариялап, олардың 2026 жылғы 19 наурызда күшіне енген жаңа банктік заңмен бірге қолданысқа енгізілгенін және бұрынғы талаптардан айырмашылығын түсіндірген болатын.

Сонымен қатар заңдағы бірқатар нормалар кейінірек күшіне енгізілетін болып белгіленген. Яғни олардың кейбірі кезең-кезеңімен енгізіліп, 2027 жылғы 1 мамырға дейін қолданысқа енеді.

Мұндай нормалардың бірі – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 58-бабының 17-тармағы. Ол 2026 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енеді.

Аталған нормаға сәйкес:

Осылайша, заңнамада банктің тұтынушылық несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауына арналған ең ұзақ мерзім – бір сағат болып белгіленді.

Бұл ретте әңгіме несиені мақұлдау туралы шешім қабылдау мерзімі жайында болып отыр. Ал қаражатты қарыз алушыға аудару мерзімі басқа талаптармен реттеледі. Мәселен, заңның 58-бабының 5-тармағына сәйкес, белгілі бір сомадан асатын тұтынушылық қарыздар бойынша қаражатты беру алдында бір тәуліктік "күту кезеңі" қолданылады.

Сонымен қатар банк (заңнамада ақпарат жеткізуші деп аталады) несие беру жөніндегі өтініш туралы ақпаратты кредиттік бюроға жолдауға міндетті. Кредиттік бюро кредиттік тарихтарды қалыптастырып, кредиттік есептерді әзірлейді ("Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы" заңның 7-бабы).

Өз кезегінде кредиттік бюро бұл ақпаратты Антифрод-орталыққа жібереді. Қажет болған жағдайда ақпарат одан әрі уәкілетті мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.

Бұл талаптардың енгізілуі кездейсоқ емес. Өйткені 2026 жылғы 18 шілдеден бастап жоғарыда аталған "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның кейінге қалдырылған нормасымен қатар, 2026 жылғы 16 қаңтардағы №259-VIII "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының бірқатар ережелері де күшіне енеді.

Айта кетейік, дәл осы заңмен Қазақстан заңнамасында цифрлық теңге институты ресми түрде бекітілді. Алайда бұл – бөлек тақырып. Бұл жолы "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы" заңға енгізілген екі маңызды өзгеріске тоқталайық.

2026 жылғы 18 шілдеден бастап кредиттік бюроларға қосымша функциялар мен міндеттер жүктеледі.

Атап айтқанда:

Еске салайық, Ұлттық банктің Антифрод-орталығы – алаяқтық белгілері бар төлем операциялары туралы мәліметтерді жинайтын, талдайтын және тиісті ұйымдарға жолдайтын құрылым.

Бұл ақпарат қаржы ұйымдарына да, қылмыстық қудалау органдарына да беріледі. Мұндай тәртіп "Қазақстан Республикасындағы төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның 25-1-бабында көзделген.

Осылайша, 2026 жылғы 18 шілдеден бастап тұтынушылық несие беру туралы өтінішті қарау кезінде тек банк қана емес, бірнеше ұйым қатысатын көпдеңгейлі тексеру жүргізіледі. Бұрын мұндай рәсім бірнеше минутқа ғана созылса, енді бір сағатқа дейін жалғасуы мүмкін.

Нәтижесінде дәл осы уақыт ішінде азаматтың тұтынушылық несие алу туралы өтініші бойынша түпкілікті шешім қабылданады: қарыз мақұлдана ма, әлде өтініш кері қайтарыла ма.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды