Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: unsplash
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде сақталып отырған аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мамандарының айтуынша, жылу өтуі – ағзаның қызып кетуінен туындайтын қауіпті жағдай. Әсіресе ыстық ауа райында ағза өз температурасын қалыпты деңгейде ұстай алмай қалады.

"Уақтылы медициналық көмек көрсетілмесе, жылу өтуі миға, жүрекке, бүйрекке және басқа да өмірлік маңызды ағзаларға зақым келтіруі мүмкін. Ауыр жағдайда бұл өлімге де әкелуі ықтимал", – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік жылу өтудің негізгі белгілерін атады:

"Егер осы белгілер байқалса, дереу жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен адамды салқындату шараларын бастау қажет", – деп ескертті ведомство.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" 15 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде шаңды дауыл, бұршақ, екпінді жел болып, ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі.

Айта кетейік, Қазақстанда аптап ыстық бірнеше күннен бері сақталып тұр. Осыған байланысты Алматы мен Шымкентте көшелерді салқындату үшін арнайы техникамен ауаға су шашу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз