Қазақстандықтарға тіркелген мекенжайы туралы мәліметті қайдан көруге болатыны еске салынды

Фото: primeminister.kz
Тұрғылықты жері бойынша тіркелу туралы мәліметті eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, бұл сервис азаматтарға тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметті электронды форматта алуға мүмкіндік береді.

Егер ақпаратты үшінші тұлғаға ұсыну қажет болса, азаматтың келісімі міндетті түрде расталуы тиіс.

Қызметті алу үшін:

Азаматтың келісімі расталғаннан кейін мәліметтер пайдаланушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Еске салайық, Қазақстанда 2019 жылғы 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы берілмейді.

Дегенмен, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәлімет қажет болған жағдайда, оны осы электрондық сервис арқылы алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 12 шілдеден бастап жер учаскелеріне мемлекеттік акт беру мемлекеттік қызметі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) көрсетілмейтіні хабарланған болатын. Енді мемлекеттік актіні алу туралы өтініш тек eGov.kz порталы арқылы қабылданады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы