Отбасылық дос деп жүргені қанды қылмыскер болып шықты: Астанада 14 жасар қызды өлтірген күдіктіге үкім кесілді

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында 9-сынып оқушысына қорлық көрсетіп, артынша пышақтап өлтірген 34 жастағы ер адамға үкім кесілді. Қанды қылмысқа айыпталушы сол отбасының досы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, арнайы ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Ақмола облыстық соты істі жабық қарады. Судья қылмыскерді 4 бап бойынша соттаған. 16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсу, кәмелетке толмаған адамды зорлау, қасақана өлтіру және сталкинг.

Айта кетейік, қанды оқиға өткен жылдың қарашасында Астана маңындағы Ынтымақ ауылында болған. Сол күні кешке 14 жастағы қыз танысының үйіне кетіпті. Артынша оны қанталаған күйде дүкенге "көмектесіңіздер" деп кірген жерінен тапқан. Соңғы екі күнде жасөспірімнің артынан аңдып жүрген қылмыскер сау жерін қалдырмай пышақтап тастаған. Сотталған азамат сол үйдің досы болған екен.

"Ешқашан бұрынғыдай болмайды. Өмірім қиындап кетті. Менің сүйікті қызым енді жоқ, оны ешқашан қайтара алмаймын. Ал оны өлтірген адам әрі қарай өмір сүре береді. Істі жан-жақты зерттеп, барлық мән-жайды мұқият анықтап, осы қылмыстың бетін ашқан тергеушіге алғысым шексіз. Әділ шешім шығарған сотқа ризамын".Валентина Цындря, марқұм қыздың анасы:

Бұған дейін Жамбыл облысында 8,5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде

Ақтөбе облысында жыл басынан бері хабар-ошарсыз жоғалған азаматтарға қатысты 900-ден астам өтініш түскен

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Балағат сөздер – ұрпақтың санасын улайтын қауіпті дерт