Қостанай облысында жиырма шақты ірі қарадан қауіпті дерт анықталды

Фото: primeminister.kz
Қостанай облысында бруцеллез анықталған 23 сиыр сойылды. Ауруға шалдыққан барлық мал бір ауыл округінен анықталғандықтан, ветеринарлар онда шектеу шарасын енгізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпарына сүйенсек, Қазанбас ауыл округінде мал әкелуге және әкетуге тыйым салынды. Сондай-ақ тұрғындарға әзірге шөп, сабан, ет және сүт өнімін сатуға болмайды. Ветеринарлар тексерген 323 малдың 23-інен ауру анықталды. Олар шұғыл түрде жойылды. Адамдар арасында әзірге ауру жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Алайда жыл басынан бері инфекцияны екі адам жұқтырған. Дегенмен мамандар эпизоотия жағдайы бақылауда екенін және өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштің төмен екенін айтты.

"Қазір инфекция ошағын толық жоюға және аурудың таралуына жол бермеуге бағытталған кешенді сауықтыру іс-шаралары жүргізілуде. Өткен жылы біз алғаш рет жеке қосалқы шаруашылықтарда бруцеллезге қарсы екпе салдық. Сол жұмыстардың оң нәтижесі бүгіннде байқалып отыр. Адамдар арасында бруцеллезбен сырқаттану да азайды".Саян Жансұлтанов, Әулиекөл ауданы ветеринария станциясының эпизоотолог дәрігері

Бұған дейін Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі